Алтыным, аяулым – Сайлаубай Тойлыбаев

Бұл бетте «Алтыным, аяулым» атты Сайлаубай Тойлыбаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Жарасып әніміз,
Жалындап жанымыз,
Бақытқа баладым ба?
Ай күнім арайлым,
Күлімдеп қараймын.
Мөп-мөлдір жанарыңа!

Қайырмасы:
«Жаным» деп ән салам,
Арманым аңсаған,
Дәл бүгін бақытты күн!
Жарқыным, баяным,
Алтыным, аяулым,
Өзіңмен бақыттымын!

Жарқ еткен көңілім,
Сенсің ғой өмірім.
Жеткізер тілегімді.
Құлпырған ақ гүлім,
Өзіңсін шат күнім,
Тербеткен жүрегімді.

Қайырмасы:
Сен маған тіл қаттың,
Сұлуым сымбаттым,
Жаныңмен жарасасың.
Айтылар ойымды-ай,
Қап-қара мойылдай
Төгілген қара шашың.

Жүректен тым нәзік.
Қалдырдым жыр жазып,
Жаралған әнім үшін.
Көңілге тұңғиық,
Кеттің бе нұр құйып,
Сүйіктім, сағынышым!

Қайырмасы:
«Жаным» деп ән салам,
Арманым аңсаған,
Дәл бүгін бақытты күн!
Жарқыным, баяным,
Алтыным, аяулым,
Өзіңмен бақыттымын!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Алтыным, аяулым өлеңінің авторы кім?

Сайлаубай Тойлыбаев — осы өлеңнің авторы.

Алтыным, аяулым өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Алтыным, аяулым өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сайлаубай Тойлыбаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Алтыным, аяулым өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері