Өтеді талай ғасыр – Сағыныш Намазшамова

Бұл бетте «Өтеді талай ғасыр» атты Сағыныш Намазшамова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Төңкерілген көк күмбез, ақ аспаным,
Талпынады сен жаққа сан асқарым,
Көрдім шыңның көкпенен таласқанын,
Ұсақтықты сен болып аластадым.
Бауырыңда бұйра бұлт бұлқынады,
Түйіліп тұр көз жасын іркіп әлі.
Көңіл кірі көл болып төгіледі,
Тасасынан күлімдеп Күн шығады.
Тарамыс тау алыстан мұнартады,
Сүйсінді қарт қыздырып Күн арқаны.
Басы биік шыңдарға басын иіп,
Гүл етегін қылжақ Күн қызартады.
Күн келіп тау мойнына асылады,
Жер шеңбер бәйек болып жасырады.
Осылай сеземін мен,
кезегімен
өтеді талай-талай ғасыр әлі.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Өтеді талай ғасыр өлеңінің авторы кім?

Сағыныш Намазшамова — осы өлеңнің авторы.

Өтеді талай ғасыр өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Өтеді талай ғасыр өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сағыныш Намазшамова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Өтеді талай ғасыр өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері