Кең өлке – Сырбай Мәуленов

Бұл бетте «Кең өлке» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 5109
О, сүйікті көз жеткісіз кең өлкем,
Сенсің күнім, сенсің айым, сен еркем.
Артымда сен аман қалсаң болғаны,
Бұл өмірден кеткенімде мен ертең.
Шайы орамал шайқалады нуларың,
Бал шараптай бұйра толқын суларың.
Боз топыраққа боз торғайдай шыр етіп,
Түскенімде тербеді от жырларың.
Бойды жазып талай жылдар құрысқан,
Жаңа шыққан қас батырдай ұрыстан.
Тауларыңды қалқан етіп кеудеңе,
Тұрсың қарап таң нұрындай шығыстан.
Сандық таулы, самал желді құба бел
Мәңгілікке мызғымастан тұра бер.
Ерлікпенен елдігіңді көтерер
Ұлдарың бар, қыздарың бар мұрагер.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Кең өлке өлеңінің авторы кім?

Сырбай Мәуленов — осы өлеңнің авторы.

Кең өлке өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Кең өлке өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сырбай Мәуленов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Кең өлке өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері