Алты аласым жоқ сенде, бес бересім – Сағыныш Намазшамова

Бұл бетте «Алты аласым жоқ сенде, бес бересім» атты Сағыныш Намазшамова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Алты аласым жоқ сенде, бес бересім,
(Ала берем жиілеу еске несін),
Кілт бұрдым тез көңілсіз көш кемесін.
Енді мәлім кейіннен кеш демесім,
Сенің атың мен үшін өшкен есім.
Махаббатың болған соң бұйдалы ағын,
Қасарыстым шығармай қимаған үн.
Жаңа білдім, сол алғаш сәттен бері,
Арзан күндер екен-ау сыйлағаның.
Жанарың жат боп шықты, сөзің сұйық,
Күлге айналды мендегі төзім күйіп.
Жалықтырды бәлкім, ор, асқақтығым,
Тұрмаған соң иіліп, өзім сүйіп.
Келісе алмай, тағы да ара күдік,
Жолда қалды жүре алмай жаралы үміт.
Сен санамнан сызылдың, есігімді
Қатты жауып кеттің де, қара жігіт.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Алты аласым жоқ сенде, бес бересім өлеңінің авторы кім?

Сағыныш Намазшамова — осы өлеңнің авторы.

Алты аласым жоқ сенде, бес бересім өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Алты аласым жоқ сенде, бес бересім өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сағыныш Намазшамова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Алты аласым жоқ сенде, бес бересім өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері