Теңізші сағынышы – Мұзафар Әлімбаев

Бұл бетте «Теңізші сағынышы» атты Мұзафар Әлімбаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Теңізші күні-түні су бетінде,
Күзетте Мұзмұхиттың бір шетінде.
Көре алмай көк жиекке көз тігеді
Отанның өзі түгіл, суретін де.

Теңізші суда ширап, суда өседі,
Алыстан туған жермен тілдеседі.
«Шіркін-ай, бір тамшысы бал қымыздың,
Бір жұтсам, шөліркеуді білмес едім!..»

Теңізші су кешпейді, ой кешеді,
Алыстан арманымен сөйлеседі.
Ауылдан жатса да ұзап жұлдыз-қыздар,
Жұлдызын бұ да таппай қоймас еді.

Теңізші ой кешеді, – мұң кешеді,
Есіне түскен сайын күн кешегі.
Сарғайтқан сағынышта жақсылық бар:
Ер онсыз ел қадірін білмес еді?!


Пікірлер (2)

Женыс

Куштыы

Женыс

1 ден 10 н бал

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Теңізші сағынышы өлеңінің авторы кім?

Мұзафар Әлімбаев — осы өлеңнің авторы.

Теңізші сағынышы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Теңізші сағынышы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Мұзафар Әлімбаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Теңізші сағынышы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері