Әлемде қазір бір ән бар – Сағи Жиенбаев

Бұл бетте «Әлемде қазір бір ән бар» атты Сағи Жиенбаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Тұрса да заңғар биікте,
Оранып жасыл бауларға.
Қарайды бізге үмітпен
Мәңгілік асқар таулар да.

Қайырмасы:
Әлемде қазір бір ән бар
Қосылып айтар ұландар.
Ананың арман-тілегін,
Баланың балғын жүрегі,
Бәрінің жалғыз тілегі –
Тыныштық керек әлемге!

Жұлдыздар күнде елжіреп,
Жарқырап жанып аспанда,
Қарайды бізге мөлдіреп,
Қара бұлт кенет басқанда.

Қайырмасы.

Көктемде жайнап белеңдер,
Жұпарын шашып ауаға.
Оянып таңнан, елеңдеп,
Қарайды байтақ дала да!

Қайырмасы


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Әлемде қазір бір ән бар өлеңінің авторы кім?

Сағи Жиенбаев — осы өлеңнің авторы.

Әлемде қазір бір ән бар өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Әлемде қазір бір ән бар өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сағи Жиенбаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Әлемде қазір бір ән бар өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері