Жадымдасың, жас күнім – Сағи Жиенбаев

Бұл бетте «Жадымдасың, жас күнім» атты Сағи Жиенбаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Баурайда гүл ырғалып,
Жұлдыздар күлім қағып,
Тұратын бізге қарап,
Дүние сұлуланып.

Қайырмасы:

Алаулап балғын демің,
Құшақтап тау гүлдерін,
Алыстап барамысың,
Балауса бал – күндерім.
Қайдасың, жастық шақ – жалын,
Алаңсыз алаулы таңым,
Аңсарым өзіңсің, жаным.

Көл толқып, гүл жаңарып,
Барады жылдар ағып.
Іздеймін сені, қалқам,
Қызғалдақ қырға барып.

Қайырмасы:

Іздеймін сені күнде,
Өзіңсің серігім де.
Жүрсің сен көңілімде,
Ән болып өмірімде.

Қайырмасы:


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жадымдасың, жас күнім өлеңінің авторы кім?

Сағи Жиенбаев — осы өлеңнің авторы.

Жадымдасың, жас күнім өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жадымдасың, жас күнім өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сағи Жиенбаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жадымдасың, жас күнім өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері