Өлең, жыр, ақындар

Ұмытпаймыз мәңгілік

  • admin
  • 26.10.2024
  • 0
  • 0
  • 579
Ағалар, мәңгі жас боп қаласыңдар,
Аспанда құспен бірге ағасыңдар.
Көктемде қызыл-жасыл гүлге айналып,
Кештерде жұлдыз болып жанасыңдар.

Қайырмасы:

Біргесіңдер елменен,
Біргесіңдер жерменен.
Жерде гүлдер өлмеген,
Көкте жұлдыз сөнбеген,
Біргесіңдер елменен!

Жүрсіңдер аналардың жанарында,
Жүрсіңдер балалардың қабағында.
Күзетіп тыныштығын дүниенің,
Тұрсыңдар атқан таңның алауында.

Қайырмасы:

Мәңгілік өшпейсіңдер бұл өмірде,
Мәңгілік көшпейсіңдер гүл-өңірде.
Ананың қаласыңдар тілегінде,
Даланың жанасыңдар жүрегінде.
Қайырмасы:



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Айна көлім

  • 0
  • 0

Айна көлім -
Көгеріп көрінбейді айна көлім,
Көктем де желпімейді майда лебің.
Ағарып атқан таңдай қарсы алатын

Толық

Жан сәулем

  • 0
  • 0

Жан сәулем
Мен сені көп іздедім асу-белден,
Жайқалған жасыл орман, жасыл көлден.
Сағи Жиенбаев

Толық

Ақ толқын

  • 0
  • 0

Ақ толқын - Сағи Жиенбаев
Сен менің толқыным ең,
Кеудемді толтырып ең
Ән мен күйге,

Толық