Дүние қандай жап-жарық – Қасым Аманжолов

Бұл бетте «Дүние қандай жап-жарық» атты Қасым Аманжолов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Дүние қандай жап-жарық!
Осындай ма еді бұрын да?!
Байқамаппын аңғарып
Ойдың тапшылығында.

Дүние қандай жап-жарық!
Көңілім неге жабырқау?
Көкірегіме дақ салып
Кетті ме соғыс, япырмау?!

Дүние қандай жап-жарық!
Жырдың алтын бұлағы,
Жалт-жүлт етіп жатшы ағып,
Жарқылдайын мен дағы.

1944 жыл


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Дүние қандай жап-жарық өлеңінің авторы кім?

Қасым Аманжолов — осы өлеңнің авторы.

Дүние қандай жап-жарық өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Дүние қандай жап-жарық өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қасым Аманжолов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Дүние қандай жап-жарық өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері