Өлең, жыр, ақындар

Көңілім менің, көңілім.

Жандарға дос та, дұшпан да болған,
Құмар да болған, құштар да болған.
Көзімнен бұлбұл ұшқанда арман,
Иттен де қалған, құстан да қалған,
Көңілім менің, көңілім!
 
Кетсем де кейде күйіктен қаңғып,
Үміткер едің биіктен барлық.
Жақсылық айтар адамға құрбан,
Жомарт та қылған, сараң да қылған,
Көңілім менің, көңілім!
 
Құлазып барып қайта гүлдеген,
Жайыңды сенің айта білмеп ем.
Күндердің қолы қалай құтқарған,
Қаршадай кезден талай құр қалған,
Көңілім менің, көңілім!



Пікірлер (1)

Нағашыбай

Маған ұнады, керемет, супепер

Пікір қалдырыңыз

Өкпелеме сен мына өмірге.

  • 0
  • 1

Өкпелеме жарық көрген өмірге
Келместей кетер жарық көрмегендер
Бақытсызбын деп айта гөрме өмірде
Арбаға танылған жанды көрмегендер

Толық

Аяулым

  • 1
  • 0

Аяулым сұлу жүзді, күлкісі көрікті,
Жүрегі оның нәзік, мінезі серікті.
Қарасаң көз тоймай, көңіл де жайнайды,
Сұлулық жарасқан ақылмен бірікті.

Толық

Жалаң ой

  • 0
  • 0

Санамда бір жалаң ой араласқан,
Жанарымды жалынсыз тұман басқан .
Бір жығылсам алаңсыз отырамын,
Неге жүрмін тізерлеп тұра алмасам

Толық

Қарап көріңіз

Пікірлер