Сөйлеп еді жүрегім – Сырбай Мәуленов

Бұл бетте «Сөйлеп еді жүрегім» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 2629
Бұлбұл қанат
Көк тоғайда,
Тұрдық қарап
Көктегі айға.
Көздеріңдей мөлдіреген
Қарақаттар төнді төмен.
Тұрдың үнсіз,
Тұрдың тілсіз,
Құшағында қиялдың.
Бала кезім,
Қара көзің
Қадалғанда ұялдым.
Айтылмай-ақ сөз де бітті,
Айрылатын кез де жетті.
Бала кезім,
Қара көзім,
Кінәладың, білемін.
Бірақ сонда,
Тіл орнына,
Сөйлеп еді
жүрегім.
1953


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сөйлеп еді жүрегім өлеңінің авторы кім?

Сырбай Мәуленов — осы өлеңнің авторы.

Сөйлеп еді жүрегім өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сөйлеп еді жүрегім өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сырбай Мәуленов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сөйлеп еді жүрегім өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері