Дана, Ұлы ойшыл, кемеңгер, хәкім Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арнаймын!
Халқымыздың дара ақыны бір өзің,
Оқи берем жалықпастан бір өзім.
Тектісің сен, текті атадан туғансың,
Рухтандырар сырға тұнған әр сөзің.
Хәкім Абай адам бол деп, адал бол деп жырлаған,
Махаббат пен табиғатты ұқсата ой қозғаған.
Білімізде, бос өткізбей уыста тұрмас уақытты,
Жастық кезің көп ізденіп, көп оқуға арналған.
Абай айтқан, ата-анаңды әрқашанда сыйлай біл,
Парыз екен, ақ жаулықты анаңның ақ сүтін оның ақтай біл.
Адалдықтың туын көтер, арамдыққа қарсы тұр,
Бұл өмірде әділ болып, қайырымды бола біл.
Ей, жас ұрпақ! Абайды оқы, тамсана да таңырқа,
Дүниенің тылсым сырын өз бойына қондыра.
Баға жетпес байлығымыз, алтыннан да ардақты,
Көзқарасын өзгерер, бұл өмірге салмақты.
Кейбір кезде тұрып қалар, көңілімде бір сұрақ,
Бәрін іздеп сен табарсың, Абайды оқы тек бірақ!
Терең тағылым аларсың, көңіліне түйгенде,
Есте сақта мәңгілік, болар саған бұл шырақ.
Абайды өлді демегің, артында қалған ізі бар,
Сол ізді шаммен қарасаң, тіл жетпейтін мұралар.
Қара сөздер, өлеңдер ұрпаққа қалған байлығы,
Айтар мұндай нақылды абыздар мен даналар.
Абай біздің – ұлтымыздың данасы,
Сыр шертеді сол Абайдың даласы.
Туылған ғой сол далада алыптар мен ұлылар,
Тағы да бір сол даланың Тимур атты баласы.
02.02.2020 жыл
Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық зерттеу университеті,
Т.Қ. Бәсенов атындағы сәулет және құрылыс институты,
Су ресурстары және суды пайдалану мамандығы, 3 курс студенті.
https://satbayev.university/upload/base/downloads/uniqum/Journal-N16-SepOct.pdf
(12-13 бетті қараңыз)
-
- Архимед
- Оноре де Бальзак
- Александр Пушкин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі