Қорлан /1-нұсқа/

Бұл бетте «Қорлан /1-нұсқа/» атты Естай Беркімбайұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 11.05.2019
  • 0
  • 2
  • 23825
Бір қыз бар Маралдыда Қорлығайын,
Табиғат берген екен күн мен айын.
Мұратқа іздеген жан бәрі жеткен,
Дариға арманым көп не қылайын.

Ахау, арман,
Құсни, Қорлан!
Екі-ай бағлан,
Екеуі туған екен бір анадан.

Бозбала қалма қапы бұл жалғаннан,
Жігіттің арманы жоқ Қорланды алған.

Өзіңдей боп жан тумас,
Туса туар, артылмас.

Бар ғаламды шарықта,
Уа, дариға, ләулік тас.
Бағдат, Мысыр, Шың, Машын.
Іздесем Қорлан табылмас.

Ахау, арман,
Құсни, Қорлан!
Екі-ай бағлан,
Екеуі туған екен бір анадан.


Пікірлер (2)

Дарын

Өте керемет оқып көріңіздер

Алма

«Қорлан — қазақ әдебиеті мен музыка мәдениетінің классикалық үлгісі, Ақын Естай Беркімбайұлының махаббат пен арманды поэтикалық тілмен жеткізген әсерлі өлеңі немесе ән сөзі. Бұл шығармада Қорлан бейнесі сүйкімділік пен сүйіспеншіліктің символына айналған, ал «Құсни, Қорлан» сияқты қайырмалар өлеңнің поэтикалық көркемдігін арттырады. Өлеңнің тарихи маңызы мен халықтық мәні оның ұлт мәдениетінің бір бөлшегі ретінде бағаланатынын есте ұстаған жөн.

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қорлан /1-нұсқа/ өлеңінің авторы кім?

Естай Беркімбайұлы — осы өлеңнің авторы.

Қорлан /1-нұсқа/ өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қорлан /1-нұсқа/ өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Естай Беркімбайұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қорлан /1-нұсқа/ өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері