Өлең, жыр, ақындар

Тас егесі

Менде бір сезім, әлде бір қайдағыдай,
Менікі — менікі емес, жағдай сондай.
Мендік болар қызды көрдім — өзгенікі,
Енді, қалқам, ұмытады оны қалай?

Ойы биік — бір қатар заманменен,
Сипаттасаң, сөз жетпес ғалам екен.
Түпсіз, терең тұңғиық көздерінде
Мен сүйетін ғаламым сыйған екен.

Түн ертесі — салынды көлеңкесі,
Мендік жүрек — сорақы тас егесі.
Арпаласып күресетін тағдырымен,
Өмірдің қиын екен ережесі.

Салады екен қаламым — қара түспен,
Сен, бірақ та, естесің түрлі түспен.
Көремін деп ойламаған мендік жүрек,
Қайта-қайта елес қып — өңдей түстен.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз