Ұмыта алсаң
Айғыз-айғыз көңілімнің өрнегі,
Өрлемей тұр сезімнің де өр демі.
Жерден, көктен таба алмадым амалын,
Ұмыта алсаң сен ұмытып көр мені.
Тағатымды тауысып тұр мына түн,
Сағыныш деп атайды оның шын атын.
Жүрегімнен мен шығара алмадым,
Өзің тапшы жолы болса шығатын.
Кірпігіме мұң ілініп сағымнан,
Күн кешемін көріп бәрін бағымнан.
Өшіруді қаламадым мен өзім,
Өшіре алсаң, сен-ақ өшір жадыңнан.
Айгүл Қадыр
- Төлепбек Жантай
- Есбол Бозан
- Виктор Франкл
- Оразбай Сарыбаев
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі