Гүл өмір – Сырбай Мәуленов

Бұл бетте «Гүл өмір» атты Сырбай Мәуленов жазған өмір туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 2988
(Ұлым Атығайға)
Көктемде қолға ұстаған гүлім едің,
Кеудемде бір күй болып күбірледің.
Жоқтаймын, жалтақ-жалтақ қарай берем,
Асыр сап ойнағанда інілерің.
Жапырағымдай болдың сен бір үзілген,
Кетпей тұр көз жұмсаң да нұр жүзіңнен,
Барасың қараңғыға шым-шым батып,
Жанымда жарқыраған жұлдызым ең.
* * *
Сонау Сырда бір қыз бар
Сүйеді де сүймейді.
Қөңілімде бір із бар,
Біледі де білмейді.
Табанымнан сыз өтіп,
Ойда талай тұрғаным.
Түндер бойы күзетіп,
Естімедім бір әнін.
Білсем-дағы есігін,
Қаға алмаймын, қақпаймын,
Ойлап, ойлап есімін
Таба алмаймын, таппаймын.
Еркің мені әзілде,
Сырын түйіп айтпаған.
Үндемеймін, әзірге
Қөңіл жақсы қайтпаған.
* * *
Су сыбырлап барады,
Сыбырының сыры бар.
Жұлдыз зулап ағады,
Тоқтамайтын түрі бар.
Жастық дәурен барады,
Алды-артына қарамай.
Жарық жұлдыз ағады,
Қол созамын баладай.
Ағып жұлдыз, зулап жел
Жеткізбесі ол анық.
Бұл ғұмырда, бұраң бел,
Бір жасайтын болалық.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Гүл өмір өлеңінің авторы кім?

Сырбай Мәуленов — осы өлеңнің авторы.

Гүл өмір өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Гүл өмір өлеңі не туралы?

Бұл шығарма өмір туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Гүл өмір өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері