Аты асқақ Астанам
Аты асқақ Астанам
Күн сайын көркеюде Астанамыз, Жыл санап көбеюде баспанамыз. Ерлікпен аты мәшһүр қазақ болсақ, Қалайша басқалардан жасқанамыз.
Ел бірлігін тілеген бар атамыз, Әлемді аузымызға қаратамыз. Зор еңбекпен үйренген бар білімді, Қажетіне елімнің жаратамыз.
Көкпен бірге таласқан бәйтерегім, Жараспаса тірлігім қайтер едім. Халқымды жетелеген биік шыңға, Ерлердің еңбегі деп айтар едім.
Құлпырып тұр Астанамның орманы, Іске асты бар қазақтың арманы. Елі үшін туған ерлер көп болса, Мықты елдің бұзылмайды қорғаны.
Туған күнің құтты болсын, Астанам! Болашаққа бар қазақты бастаған. Отыз елдің қатарына тез жетіп, Бейбіт елім шырқап салсын асқақ ән.
Елі менен жерін сүйген ұланбыз, Қазақстанда мекен етіп тұрамыз. Көк туымды желбіретіп көгімде, Еркін елде сауық-сайран құрамыз.
- Нарша Булгакбаев
- Нарша Булгакбаев
-
- Архимед
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі