Адамзаттың миын ашытып, ақиқаттан, ғылым - білімнен адастыратын бір ілім бар. Ол біздегі барлық орта мектептерде жаппай оқытылып жатқан – «Дарвин ілімі». Қараңыз: ҚР Білім және ғылым министрлігі ұсынған жалпы білім беретін мектептің 9-сыныбына арналған «Биология» (авторлары – М.Қ.Гильманов, Л.Ү.Әбшенова, А.Р.Соловьева, Алматы, «Атамұра» 2005 жыл) пән оқулығында: «Чарльз Дарвиннің «табиғи сұрыптау» теориясы бойынша адамның арғы атасы – маймыл. Бүгінгі біздер эволюциялық сұрыпталу барысында осындай күйге жетіппіз. Нақтырақ айтқанда, тіршілік үшін күресте кім күшті сол тірі қалып отырған» дейді (115- бет). Тағы сол сияқты ҚР Білім және ғылым министрлігі бекіткен, жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбына арналған «Биология» оқулығының 5-бетінде: «Адам – тірі жүйелер эволюциясы дамуының ең жоғарғы сатысы. Ағылшын ғалымы Ч.Дарвин 1871 жылы шыққан «Адамның тегі және жыныстық сұрыпталу» атты еңбегінде: «Адам жануарлар әлемінің эволюциялық дамуы нәтижесінде пайда болды» деп жазады… Дарвиннің анықтамасы адамның пайда болуы мен адам тәрізді маймылдар тегінің біртұтастығын көрсетіп, эволюциялық даму бағытына сілтеме жасады» деген сөйлем бар.
Дарвин ілімін уағыздаушы бұл оқулықтар шын мәнінде Ресейдегі білім беру бағыты бойынша әзірленген оқулықтардың қазақша нұсқаланған түрі. Орыс оқулығындағы жалған ілімді сылып алып тастауға бізде қауқар жоқ. Айналып келгенде бұл сол құлдық сананың кесірі.
Материалисттер Дарвинді өздерінің жалған пікірлерін қуаттау үшін қолданған. Дарвин материалисттердің жар салғанындай адамдардың маймылдан тарағанын немесе бір жануар басқа бір түрлі жануарға айналып кеткенін айтқан емес. Дарвин мұндай нәрсе айтқан күнде де ол сөзінің ешқандай ғылыми құндылығы болмас еді. Өйткені теория дегеніміз дәлелденбеген нәрсе. Дәлелденбеген нәрсеге қатты ұстанып сену догма болады. Негізінде Дарвин жандылар арасындағы өмір арпалысы туралы жазған. «Түрлердің пайда болуы» атты кітабында жандылардың айналаға бейімделгенін, сол себепті аздап өзгерістерге ұшырағанын жазған. Бірақ “бір түрдегі жануар басқа бір түрге ауысты” деген емес. Ағылшын ғылым одағының 1980 жылдағы Солфордтағы жиналысында сөйлеген Профессор Джон Дурант былай дейді: «Дарвиннің адамның шығу тегі туралы көзқарастары модерндік ертегі болып шықты. Бұл ертегінің ғылыми және әлеуметтік дамуымызға зияннан басқа әсері болмады. Эволюция ертегілері де ғылыми зерттеулерді ойран етті.»
1912 жылы Англияда К. Дэйвсон бір көне сүйек қаңқаларын тапқанын айтады. Кейіннен “Пилтдоун адамы” деп аталған бұл қаңқа маймылмен адам арасында табылған қаңқалардың ішіндегі ең сенімдісі ретінде мәшһүр болды. Бұл қаңқаның бас сүйегімен тістері адамдікіне, жақ сүйектері болса маймылдікіне ұқсайтын еді. Осылайша алғаш адамның маймылмен адам арасынадағы бір махлұқ болғандығы жазылып, суреті салынды. Дінді мазақ ете бастады. Бұл қаңқаның күмәнды тараптары бар екенін айтып оның зерттеуге берілуін сұраған ғалымдарға рұқсат берілмеді. Алайда соңғы жылдарда неміс ғалымы бұл қаңқаны зерттеп күмәнды жерлерін тапты. Нәтижеде Дэйвсонның қулық жасап адамның бас сүйегіне маймылдың жақ сүйегін орнатқанын және оған адам тістерін қойғанын жария етті.
Чарлз Ро́берт Да́рвин
1922 жылы “Плиоцен” дәуіріне жататын бір азу тіс табылды. Эволюция теориясының жақтастары дереу мұны алғаш адамға тән тіс деп жариялады. Бір азу тіспен шабыттанып “Небраска адамы жұбайымен” деп атап қияли суреттер де салып жібереді. Америка және ағылшын баспасөз құралдарында осы туралы қаншама күн мақалалар жазылды. Соңында бұл тіс доңыздың тісі екендігі анықталды.
Жарты бас сүйек, жамбас сүйегі және үш азу тіс бөлек бөлек жерлерде табылады. Бұлардың бәрін бірге қосып атын “Ява адамы” деп атайды. Бұған орай профессор Дуане Гиш былай дейді: «Ява адамы дегендері негізінде маймыл. Маймылдың бас сүйегімен адамның жамбас сүйегін бірлестіріп атын Ява адамы деп шығарған.»
Бұл сүйектерді тауып атын Ява адамы деп қойған мистер Дубойс өлімінен алдын шындықты жариялады. «Ява адамы деп атаған сүйектерім шындығында гиббон маймылы еді» дейді.
Адаммен жануарлар арасындағы ең үлкен айырмашылық адамның рухы. Адамдарда рух бар. Адамдарға тән болған бұл рух жануарларда жоқ. Материалисттердің бұл рухтан хабары болмағаны үшін адамды маймылға жақын деп санайтындар шығуда.
Сонымен қатар ондай адам болыпты, мұндай адам болыпты деп неге бір ғана адам табылған? Неге мыңдаған емес? Бұл жағдай да бұлардың ойдан құрап шығарылған арам пиғылды адамдардың өтіріктері екендігін тағы да дәлелдей түсуде.
Дарвин теориясының қазір құны жойылған. 2004 жылы сәуір айында Италия білім министрі Летиция Моратти орта мектепте бұл ілімді оқытуды тоқтату жайында комиссия құрып, оны Нобель сыйлығының иегері Ритой Леви - Монтальчини басқарды. Сербия министрі Лиляна Чолич аталмыш теорияны оқудан алып тастады. 2005 жылы Дарвин ілімін оқытқаны үшін Түркияның Мерсин қаласында бес мұғалімнің үстінен іс қозғалды. Американдық Мичиган университетінің зерттеуіне қарағанда, АҚШ тұрғындарының алтыдан бірі ғана жалған ілімге иланады. Ал, Жапония, Исландия, Дания, Швеция, Франция тұрғындарының 80 пайызы қарсы (www.rian.ru).
Қорыта айтқанда дін, ғылым-білім, ақиқаттың дұшпандары адамзатты азғыру үшін ғалым кейпіне кіріп, «Адамдар маймылдан жаралған. Дарвин осылай деген» деп қаншама өтірік айтса да сөздерінің негізі жоқ. Адамдардың түрі, дене бітімі маймылға ұқсаса да адам бәрібір адам. Өйткені оның рухы бар. Ал маймыл – жануар.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Айым
Шынымен де неге оқулықтардан алып тастмайды? Жұртты алдаудың не қажеті бар? біріншіден біздің болмысымызға жат нәрсе екіншіден қып қызыл өтірік! Оқулықтардан алып тастау керек! Менің аталарым маймыл емес! Мен адамның ұрпағымын! Маймылдан пайда болды дегенге жұрт қалай сенеді? миға симайды!!!
Марат
Айым, дұрыс айтасың! Бізде шын-өітірік, дұрыс-рас дегендерге қарамайды халық та, мұғалімдер де, білім адамдары да... Ұйқыда ғой... Ояну керек, көзді ашу керек, рас-өтірікті ажыратып алу керек!
rtr
иә, оқушыларға дәл осы тақырыпты өткен кезде екіұдай күйде болатынымыз рас, оқулық бұлай дейді, өзіміз олай дей алмаймыз сонымен өтірікші сияқты болып тұрамыз.
bbb
О сауатсыз бірінші теория не екенің біліп алсай ол дəлелденбеген нəрсе емес теория дегеніміз белгілі бір құбылыстың, шындықтың заңдылықтары мен байланыстары жайлы жан-жақты, толық мағлұмат беретін тұжырым.Ал ғылымда дəлелденбеген болжамдарды гипотеза дейді.Эволюция теориясы биологияда ең жақсы дəлелденген теориялардың бірі.Бірінші эволюцияның паленталогиялық,морфологиялық,эмбриологиялық,биохимиялық,биогеографиялық дəлелдемелерін білесінба өзін,ай қайдам.Екіншіден сен питлдаун адамын мысалға келтірдін,негізінде сол сүйекті қазірде ешқандай ғалым адамның эволюциясында қарастырмайды.Ол питлдаун сүйегін қайтед оданда басқа 1000даған сүйектер барғо.Сосын қазіргі антропологияда питекантроп деген терминді қолданбайды.Оның орнына homo erectus қолданады жəне Дюбайс емес Дюбуа деп дұрыстап жазбайсынба.Дюбуаның тапқан сүйектері шыныменде күмəнді оны көптеген ғалымдар мойындамайды.Бірақ содан кейінде homo erectu-тің талай сүйегі табылды.міне барлық тізімі
Homo erectus erectus
Homo erectus georgicus
Homo erectus lantianensis
Homo erectus mauritanicus
Homo erectus nankinensis
Homo erectus pekinensis
Homo erectus palaeojavanicus
Homo erectus soloensis
Homo erectus tautavelensis
Homo erectus yuanmouensis өзін танысып көр бірінші дəлелдемелерімен.
АРНҰР
Иə, шіріген теория, европаның көп елдерінің қате деп қабылданған. Теорияның бәрібір ешқандай факттары жоқ. Егер теория дұрыс болса, адамдар басқа нәрсеге ауысу керек, немесе маймылдар адамға дегендей. Сказка бір сөзбен айтқанда. мыңдаған ғалымдар қарсы бұл теорияға. Нобель сыйлығының иегері көбі. Бұл тероияны тек маймылдың ұрпақтары ғана қолдайды))) Мен өз басым Адамның ұрпағымын!
qwerty
Сказка деп сол адам атаны айтуға болад ешқандай дəлелі жоқ оның болғаның.Соған сеніп жүре беріндер бойы 30метр болған 900жылдан астам өмір сүрген деп.Эволюция ол 100,1000,10000жылда бірден болатын процесс емес.Оған одан көп уақыт керек.Ғылыми ортада əсіресе биология ғылымында ешқандай күмəн жоқ бұл жайлы.Қарсы шығатындар тек биологияда түк білмейтін креационистер болды.Ақылдарының жеткен жері сол.
АРНҰР
Теория (гр. theorіa – пайымдау, анықтау)– белгілі бір құбылыстың, шындықтың заңдылықтары мен байланыстары жайлы жан-жақты, толық мағлұмат беретін тұжырым. Теория өзінің ішкі құрылымы жағынан бір-бірімен логикалық байланыста болатын біртұтас білім жүйесін құрайды. Теорияның мазмұны белгілі бір ұғымдар мен тұжырымдарға негізделіп, арнайы логикалық-методологиялық принциптер мен ережелерге сүйеніп баяндалады. Теория көбінесе болжамдық, тұспалдық сипатқа ие.
АРНҰР
Дарвиннің өзі жазған еңбегін өмір бойы тек гипотеза деп айтатын, тіпті адамның маймылдан пайда болғанына да күмәнді қарайтын, кейіннен Томас Гексли бастаған шәкіртері бұл гипотезаны діндерді жою үшін имплициттік дінге айналдырады. Ал Чарльз Дарвин өз гипотезасында ең бастапқы клетканы құдай жаратқан деп айтатын, тіпті "Мысли о глазе охладили меня к этой теории" дегені бар, ал өмірінің аяғында толығымен өз гипотезасына қарсы болатын
Болат
Дарвин атеист болмаған ешқашан,ол агностик.Көздің структурасы қиындығын шыныменде мойындаған,бірақ сол үшін бүкіл теориясынан бастартпаған ол.Өзіде айтқан теориясының біраз кемшілігі бар деп жəне эволюция теориясы жалғыз Дарвиннің айтқанымен шектеліп қалмайды.Одан кейін 20ғасырдың жартысында синтетикалық эволюция теориясы пайда болды.Бұл теория эмбриология,генетика,палеонтология,антропология,биохимия ғылымдарының басын қосты.Синтетикалық теоория эволюцияға енді ешбір ғалым күмəнданбайды.Генетикалық дəлелдемелер адаммен шимпанзенің гендері 98,7% ұқсайды.Шимпанзелерде дəл адамдардікіндей 4 қан тобы бар.Ол қанды бір біріне құюға болады.Тіпті резус факторлар ұқсайды.Рудименттер мен атавизмдер салыстырындар.Палеантологиялық дəлелдемелер 20ғасырда табылған сүйектермен щектелмейді соңғы жылдары табылған талай сүйектер бар Homo rudolfensis, Homo ergaster, Homo georgicus, Homo antecessor, Homo cepranensis, Homo erectus, Homo heidelbergensis, Homo rhodesiensis, Homo neanderthalensis, Homo sapiens idaltu, Homo sapiens sapiens, Homo floresiensis бұның өзі соңғы 20 жылдың ішінде табылғандары.
АРНҰР
Болат, Homo пәлен, Homo түгеннің бәрі фальсификация. Басы адамдікі жағы маймылдікі мысалы Piltdown Man немесе толығымен кәдімгі адамның сүйектері бірақ суретін салғанда Эрнст Генрих Геккель сияқты лапшаны ілесалады! Эрнстке кезінде қаншама ғалымдар сеніп жүргендей, бүгін де ілесіп жүргендер өте көп. Ғылымдағы көптеген фальсификациялардың бірі.
Болат
Қатты сенбей бара жатсан өзін барып тексеріп көр Москвада биологический музейне немесе Лондандағы музей естествознанияда көбісі.Питлдаунды қазір ешбір ғалым қарастырмайды,Геккель эмбрион суретін өзі салған я өйткені ол кезде узи жəне т.б құралдар болмаған.Бірақ қазір эмбриондарды толық зерттеуге боладыго эволюцияның үлкен бін дəлелі осы.Сосын адамлы эволюциясын қоя ғойшы басқа жануардардың эволюциясы мулдем қызықтырмайды сендерді.Көз алдарындағы иттердің жəне т.б жануарлардың арғы атетектерімен салыстырғанда эволюциясы байқайсындар.Толық таныспай жай қуып кеткен дей бересиндер.
АРНҰР
Көз алдымызда иттердің жəне т.б жануарлардың эволюциясы жоқ! Ренжіме бауырым сауатсыз екенсің)))) Мектептің оқушысысың ба? Жауап бермей-ақ қой. Риторикалық сұрақ. Иә кейбір жануарлар қатты өзгерген, бірақ ол қолдан жасалған, селекция дейді оны! Ол да дұрыс жасалмаса негізінде жануарларға зиян! Одан кейін мәселе Геккельдің өзі салғанын да емес, айтылған "теориясында", эмбрионның балық, ит, маймыл, шошқа т.б дан өзгеріп келіп адам болады дегенінде, сол заманның ғалымдары дұрыс еместігін дәлелдеген болсада, бой бермей өзінікін дұрыс деп тықпалауында. Әрине кәзір ол "теория" шіріген, ғылым мойындамайды, бірақ өкінішке орай мектеп оқулықтарынан алынбаған, жұрттың миын кіп кішкентай кезінен улап жатыр, өтірікке сенгізіп, оны ғылым, білім деп оқытып, жалпы сондай өтірік көп оқулықта дәлелә жоқ немесе бұрыннан қате екені дәлелденіп қойған
Болат
Қазіргі кезде ғалымдар жануарлардың генін киттай өзгертіп жаңа түрлерді шығара алады.Бұрында ондай генетика деген болмаған ерекше қасиеттері бар жануарларды алып,шағылыстырып жаңа түрлерін алып жатқан.Ол ерекше басқаларға ұқсамайтын қасиеттерді мутация дейді.Мутация эволюцияның ең негізгі қозғаушы күштерінің бірі.Сендер мутацияны тек зиянды ұсқынсыз деп ойлайтын шыгарсындар бірақ пайдалы жəне нейтралдіде түрлері бар мутацияның.Жабайы табиғатта сондай пайдалы мутациялар сақталынып келесі ұрпақтарына тұқымқуалап беріліп отырады.Миллиондаған жылдардан кейін сондай ерекше қасиеттер біртіндеп жинақталынып жаңа түрлер пайда болады.Саған қарағанда эволюцияның механизмдерін білем əйтеуір.
Болат
Сосын мен оқушы емеспім микробиологпін
АРНҰР
Қолдан жасалған мутация мен селекцияның эволюция теориясына ешқандай қатысы жоқ нәрсе, қатысы болу үшін табиғи түрде ауысу керек. Одан кейін селекцияның барлығы зиянды деген жоқпын. Мен де биоинженермін. Селекция мен эволюция туралы хабардармын.
9 сынып оқушысы
Негізінен 9 сыныптың биология оқулығына көңілім толмайды, барлығы сөзбе-сөз орысшадан аударылып алынған,терминдер өте көп.
Заман
Типичный тупой верующий озине керек факт тарды алып алып теорияны жокка шыгарган ♂️ Сен лучше сондай акылга сыймайтын тужырымдарды диннен изде
Елдар
Заман, дарвин теориясы таза ақымақтарға арналған ғой, бір де бір ғылыми дәлелі жоқ, оны жақтайтын адамдардың басында не бар екен? Көп ғалымдар оны өтірік екенін дәлелдеп қойған.