Өмір сабағы
Бергендей дастарханға сый ертерек,
Төрт жігіт бас қосыпты, шүйіркілеп.
Біреуінің келіншегі екіқабат,
Жиналуға осы еді басты себеп.
Өткен-кеткен қызықтың бәрін айтып,
Алып жатыр бір-бірінің мауқын басып.
Бір кезде аяғы шолақ, көзі соқыр,
Бір кісі келіпті, су ішуге, шөлін басып.
Аянышты бұл кісінің хәлі мүлдем,
Қандай ауыр жан тәніңді сырқат еткен.
Деп мысқылдап төртеуінің біреуі:
— Қараңдар, қазір бұл кісіні мазақ етем!
Жақсы ойдан жаман ойға ене салып,
— Әй, қой! — деген жоқ, бәрі де күлген қарық.
Бейшараның көкірегінен бір итеріп,
Күші де жоқ, неге иттердің демесі анық.
Мәз боп күліп төртеуі де, бір игі іс бітіргенсіп,
Риза, мазақ етіп, бірде шулап, бірде тыншып.
Ал науқас кісі бейшара боп жерде жатыр,
Көзінен жас атқылап, көңілі өксіп.
Мәңгі сынақ адамның шын наласы,
Керек емес кереметтің, келгендей сірә таласы.
Жаратқан жіберді ме бір ескерту,
Қоңырау шалды сол сәтте:
— Қайдасың? — деп жігіттің туған анасы.
— Тез кел, ұлды болдың, жүзі нұрлы!
Келіншегің айтты:
— Дайында, қанекей, сүйіншіңді!
Жаңа ғана іңгәләп туылған нәмерем
Сені іздеді: «Шақыршы деп Әкешімді!»
Әр пендеге өмір берер бағасын,
Берді мүмкін бұл жігітке шамасы.
Елпелектеп жетті де ауруханаға,
Жай дауыспен:
— Көрсетіңдер менің ұлымды…
— Ұлым қайда?.. Маған бері қарашы!
Қуанып, жігіт аймалап келіншегін, баласын,
Шүкір айтып, жазғандай жазылмас бір жарасын.
Дәрігер:
— Қайда сый берейін мен оған?
— Қалағанын сұрасын.
— Маған ай, жер, аспанда да күн де бөтен,
Осы екен ғой шынайы бақыт деген.
— Не сұрайсыз, дәрігер, бәрін берем,
— Ұлымның жүзін көрдім,
— Алғаш рет «Әке» деген…
Деп дәрігер:
— Керегі жоқ үлде менен бүлденің де,
— Көмек беру – дәрігерлік парыз, міндет бізге.
— Сыйымды өзі ақ берер Жаратқаным,
— Бұл да бір сый, тек шын ұғып түсінгенге.
Періште ғой,
Келді Әкем деп сезіп отыр,
Еркелеп, ертеңіне сеніп отыр.
Бәрі жақсы, бәрі дұрыс,
Ақыл-ес те жайында.
Бірақ туылды ұлыңыз:
Бір аяғы шолақ,
Бір көзі, тағы соқыр.
Аспан жерге құлағандай жармасып,
Бір нүктеге үңіледі жігіт, өң қашып.
Жерді тырнап:
— Кешір, Алла! — айтқаны,
Қалың мұң кеп, екі көзді қатар шел басып.
Арқасынан бір қақты да дәрігер:
— Өмір ғой, сабыр ет, — дейді толқып,
Іштей жан тағы ашып.
Түсініп, жігіт істеген әлгі істің мәнін,
Өкінеді, өкінішін білсе де кеш тыңдауын.
Өмір деген екен ғой алма-кезек,
Келтірді көз алдыма…
Эх, әттең, соның бәрін.
- Нарша Булгакбаев
- Нарша Булгакбаев
-
- Архимед
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі