Өлең, жыр, ақындар

Мөлдір сезім

Елеңдеймін естігенде есіміңді,
Сезгендей боп бір тылсым, нәзік үнді.
Өзгеріп, сол сәтте-ақ әлемім де,
Қағады арман келмей кеткен есігімді.

Кейде өмір сынайды, шаршатады,
Қиындық бірдей, білем, емес мәңгі.
Қолыңды ұстағанда сенің бірақ,
Бар қайғыны тәтті ойлар ап қашады.

Көрем бақыт сенің мөлдір көздеріңнен,
Мен бұрын еш мұндай күйге енбегем.
Сен бір сиқыр пейіштің періштесі,
Келдің екен қай ғалам, қай жерлерден?

Жүрек тыныш жаныңда ғана болсам,
Мәнсіз өмір, жаным да сен болмасаң.
Жазып алып сағыныштың жараларын,
Кездесеміз қай күні, біздер қашан?..

Автор: Оразбай Сарыбаев



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз