Жаңбырдағы сәлем
Емеспін айды да, күнді ұстаған,
Елеспін көктегі гүл құшпаған.
Ғашықпын жердегі бір аруға,
Ай емес, Айдың оған өзі ұқсаған.
Көктегі ақ бұлттың ішіндемін,
Білемін мені жерге түсірмесін.
Жаңбырмен жолдайын сәлемімді,
Жүрегім себелеп дүрсілдесін.
Көңілімнің көктемгі кешін де мен,
Түсіңе талай кірдім, есіңде ме?
Адамға мұнша бауыр баспаған ем,
Есіріп бара жатыр есіл кеудем.
Ғашық жүрек сыймайды жай ұғымға,
Елесім тек сол қызды сағынуда.
Тамшы боп түссем бе екен жерге қарай,
Мініп алып Каспийдің қайығына.
Кіші жүздің қызынан бақ келе ме,
Қолымнан келмес оны аспанға ап кетуге.
Бір көрсем бейнесін, қиын кету,
Кездессем бір күн, бәлкім, Ақтөбеде.
Автор: Оразбай Сарыбаев
- Нарша Булгакбаев
- Нарша Булгакбаев
-
- Архимед
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі