Өлең, жыр, ақындар

Бақыт тілеп кетем үнсіз

Тағы да көңілсізбін, баттым мұңға,
Жоғалды күлкім бірге шаттығым да.
Көзімдегі бейнеңді өшіре сап,
Кеткім-ақ қазір келеді тәтті қиялға.

Сенің даусың жадымда нәзік күлген,
Суреттеп оны бере алмас ешбір тіл мен.
Өзіңсіз өмір өңсіз де, сұрғылт күндей,
Жылытпайды нұры да мені бірден.

Жүзім солғын, күз болып көңілім де,
Кеткен соң алыс, мән қалмай өмірімде.
Күндей күліп тұрсам да сырттай ғана,
Қарашадай тоңамын есіме сен түскенде.

Кештер ұзақ, үнсізбін, ойға батам,
Жұлдыздарға сырымды жайып шашам.
Сезерсің бе, ішімдегі барымды,
Кешеден қалған сыздап жүрек жараң.

Құстар ұшып барады көктемменен,
Солармен кетем бе деп секілденем.
Сен де бір кез жайып қанат самғап едің,
Мен қалыппын сол кездің тереңінде(-ем).

Тағдырыма өкпем жоқ, бәрі дұрыс,
Мүмкін, солай жазылған таңдауымыз.
Бір сүйіп, бір жоғалту өмір заңы,
Бақыт тілеп кетем саған мен енді үнсіз.

Автор: Оразбай Сарыбаев



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар