Толғаныс

Бұл бетте «Толғаныс» атты Мандарин жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Із іздеп жүргенде, шөліркеп сусасаң,
Бақыт деп жүргеннен төгілсе басқа мұң.
Қарайып кеудеңде кесек ет кетсе егер,
Шөк демей шөксе егер аспандай асқарың.
Сұрама ешкімнен, күтпегей жылылық,
Жанарың жасырсын түкпірде мың арман.
Қулықтың түр-түрін жасап жүр түлкілер,
Жер үстін солар-ақ басады сыңардан.
Қиғашы құбылған бұралаң жолдар көп,
Шытырман шатқалдар тосады тұзақпен.
Қаңбақшыл күй кешіп өтпегей тамырсыз,
Өмір деп аталар ми дала ұзақ,кең!
Көкектей құбылсаң, қисынсыз тағдырдың,
Қалмайды еш мәні, өш бәрі бір саған.
Жолыңда тек сенің мысықтар жүрмейді,
Тек сенің төбеңде құзғындар ұшпаған.
Табаның тесілсе бақ іздеп, жоқ қуып,
Жабысқан күйікті бір сілкіп тастасаң.
Ертегі айтуға шеберлер дәл мендей,
Ертегі айтады, "шаршау" деп бастасаң!
Түбінде торсықтың қалса егер қасқа жын,
Ысқылап шығар да тілек айт бокалсыз.
Кеспесін кескілеп отырған кемпірді,
Он сегіз жасына қайтадан апарғыз.
Жұрт айтты махаббат тәтті деп, сәтті деп,
Сәтті бір қыл арқан мойныңды ораса...
Жұрт айтты махаббат ащы деп, басшы деп,
Құрысын қашып кет, махаббат жоласа!!!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Толғаныс өлеңінің авторы кім?

Мандарин — осы өлеңнің авторы.

Толғаныс өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Толғаныс өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Мандарин өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Толғаныс өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Ұқсас өлеңдер