Өлең, жыр, ақындар

Суыған сезім

Сөздеріңмен тербетіп кіршіксіз көңілімді,
Жүрегімнен сұрайсың қайта кешірімді.
Оянбай қалсам бір күні мен ұйқыдан,
Біл, мендей ешкім қақпайды сенің есігіңді.

Күндіз күлкім, қуанам, түнгі түсіме енсең,
Жұлдыздар сырымды айтсын, күрсінбе сен.
Сұрақтың сансыз жауабын іздеп жүрмін,
Сенбеймін, біздегі сезім сөнген десең.

Бәлкім, сенің бар басқа аңсағаның,
Таусылды ма басқа жолың, басқа амалын?
Жанымды жылытқан сүйем деген сол сөзіңді,
Айтқың келмей, қалайша шаршағаның?

Суыған жаным, жасырын сырың екен деп,
Өкінгенім ішімде сүйгенім бәрі бекер деп.
Жұбатып жүрмін кінәсіз мендік жүректі,
Жалт етсе үміт саған қарай жетелеп.

Кеңдігі әлемнің, жетпей демім шарқ ұрып,
Мұң шалған күйді сақтадым, үнсіз жабығып.
Махаббат па, әлде сынақ бұл мен үшін,
Өртке оранған жалғыздыққа табынып.

Автор: Оразбай Сарыбаев



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз