Таңғы Тамшы
Емеспін айды да күнді ұстаған,
Елеспін көктегі гүл құшпаған.
Ғашықпын жердегі бір аруға,
Ай емес, айдың оған өзі ұқсаған.
Көктегі ақ бұлттың ішіндемін,
Білемін, мені жерге түсірмесін.
Жаңбырмен жолдайын сәлемімді,
Жүрегім себелеп дүрсілдесін.
Көңілімнің көктем кешінде мен,
Түсіңе кірдім шексіз есіңде, ме?
Адамға мұнша бауыр баспаған ем,
Есіріп бара жатыр есіл кеудем.
Сыймас сезім мендегі жай ұғымға,
Елесім тек сол қызды сағынуда.
Түсем бе екен тамшы боп жерге қарай,
Құйылып тамып махаббат айдынына.
Түсінбеймін, сол арудан бақ келе ме,
Бұйырмаған бақытты таптым ба әлде.
Бір көрмесем келбетін, жүрек сыздап,
Қалықтап жүр көк аспанда мендік бейне.
Автор: Оразбай Сарыбаев
- Оразбай Сарыбаев
- Оразбай Сарыбаев
- Оразбай Сарыбаев
- Оразбай Сарыбаев
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі