Өлең, жыр, ақындар

Тылсым үн

Айыға алмай жүрмін ауыр дертімнен,
Қане, көрінші, тылсым, кел де тапшы емін.
Үніне тұнған әлдебір үнді бүркенген,
Сыздайды жаным, елеңдеп еңбектеген.

Құдай атқан бейнемді қарашы мендегі,
Бір мұңымның екі дүние өлшем кеңдігі.
Жалғанға жалт қарап үміт іздедім сол сәт,
Асқына түсіп барады белгісіз күнім ертеңі.

Тілдескен мен өзімді езген түнмен,
Таңбасам да шығарар емес қараңғы іннен.
Нақ қояр ем, нарқын болсашы, қимасым,
Кешсе де күйімді, әлі де безінбеген.

Қойса да қалып, ерген көштен кейпім,
Ұлыған тағдырыма да бірақ өштенбедім,
Қанжардай қылышын сілтеп, сынға салды,
Сірә, осы болар мен ғаріптің біткен жерім.

Өтермін-ау бір күн, қалаусыз, үнсіз-ақ,
Бәлкім, бүгін, ертең-ақ сұрып орап ап.
Табылар ма ем, сорымнан арылар ма,
Қол созар ма бір белгі, жанды жарылқап?

Тарылып тыныс, сиқырға еріксіз иілгем,
Өмір жүгінен көңілім де талай күйінген.
Өксіп талып, сөнерде бірге тілдессек,
Жүректің соңғы сыры құтқар деп сүйінген.

Рухани рух беріп қана тым әлсіз тәніме,
Болашақпен тағы да бір өрге серміме.
Шипаңды әкел, сейілсін терең тағынан,
Келмесең сүрінер бәрі. Сендік белгі ме?

Көзім жұмсам, жер жүзі жоғалар секілді,
Бір дем бе қалды, дегенше, бақыт бекінді?
Жақындап келші, сөнген мың жарық боп,
Сен ғанасың шығаратын түнектен мені.

Автор: Оразбай Сарыбаев



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз