Кешегі жол
Дос іздедім таппадым, өкінішті,
Өкініштің мендегі дерті күшті.
Тапқан ем болар деп сырласым,
Әттең, көңіл ізімен өзгерді түсі.
Достасып көрдім өз итіммен де,
Бірақ та еш сезілмеді одан мүлде.
Адамдықты хайуан қалай ұғынсын,
Сыйластықты алмасты сүйегіне.
Сырым айтып жұлдызға, айға да,
Шарладым жер жүзін амал бар ма?
Кезікпеді жолымнан, көрінбеді,
Төзімді таусып, иесіз армандарда.
Күдер үзіп, күпірлік те келтірдім,
Тәңіріме жетпеген соң тілегім.
Дос жоққа емес, уақытқа өкінем,
Босқа кеткен қайран күндерім...
Шүкір, қазір бәрі дұрыс өзгерді,
Бұрынғыдан тіктеп алдым еңсемді.
Дос таптым, сен де сырды білесің,
Қою түнмен сыбырлаған кешегі.
Автор: Оразбай Сарыбаев
- Виктор Франкл
- Карл Густав Юнг
- Эрих Фромм
- Ханна Арендт
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі