Тұнық таңдарым
Ұнаттым, сүйдім қайтадан,
Төгіліп жырдан сағыныш.
Білмеймін, қалай жай табам,
Уақыт та неге тым тыныш.
Ішімде мың ой, сан сұрақ,
Түн түртті жүрек сыңарын,
Тұмшалап үнсіз қалған шақ,
Сөнер ме сенім шырағым?..
Жабырқау мендік көңілге,
Дем болар жібек сезім бе?
Жаралы жанды жұбатпай,
Тағдырым сонда бездір ме?..
Жалт етіп тұнық таңдарым,
Сырыңды ұғар бар ма күн?
Көрініп жылдар соңынан,
Сақталып іңкәр сол сағым?..
Шаршадым, жалықтым әбден,
Ессіз-ақ құлай сүйгеннен.
Мен ғашық бола білгенмін,
Өзгерген өзім дегенмен…
Жабырқау мендік көңілге,
Дем болар жібек сезім бе?
Жаралы жанды жұбатпай,
Тағдырым сонда бездір ме?..
Жалған бір жарық соңынан,
Жолымды қайта кездір ме?..
Автор: Оразбай Сарыбаев
- Конфуций
- Конфуций
- Эдвард Дж. Стиглиц
- Нельсон Мандела
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі