Өлеңнің Құлагері Қызыр-Ілияс
Көз салам да тарихтың өткеліне,
Таңданамын елімнің өткеніне.
Бар дарынды қазақты жиып-теріп,
Неге жапты Кеңестің түрмесіне..?!
Ілияс та ер еді "елім"- деген...
Өз халқынан ешқашан жерінбеген.
Қорқып кетіп "далалық дарындардан" -
Зұлым дұшпан тор құрды "өлім"- деген.
Қарамады жасына, санатына,
Тексермеді ақсың ба, қарасың ба?
Ұлтын сүйген ұл-қызын қойша қырды,
Зобалаң сап қазақтың даласына..
Қайран Ілияс, бекзада, сұлу ақын,
Ер тұлғалы, өр рухты жан болатын.
Анасынан төрт жаста-ақ жетім қалып,
Текті әкеден үлгі алды тамсанатын.
Көзі ашық, сауатты, қырағы әке,
Құштар қылды Ілиясын ән мен күйге.
Ташкенттен мұғалімдікті оқыған ұл,
Мәскеуде үш жыл оқыды журналистке.
Қанында бар ақындық, сөз ділмарлық,
Көп кітапты жаздыртты қалам алып.
Құлдықтағы халқының әдебиетін,
Сақтау үшін ұмтылды жанын салып!
Құлагерге - қашан да соққы дайын,
Қызғаншақтар балақтан тартар дәйім.
Ілекең де хас тұлпар болғаны үшін -
Құлагерше мерт болып, тапты жайын.
Арыстары-ай, даламның оққа ұшқан,
Шын жүйрікке қашан да көп қой дұшпан.
Өз заманың өлдіге санаса да...
Қалды есімің тарихта мәңгі - дастан.
Асыл ұлы алаштың - Қызыр-Ілияс,
Шыбынға да жан еді қастық қылмас.
Мыңнан озған қазақтың Құлагері -
Салып кеттің қайғыға орны толмас..!
06.06.2021
- Төлепбек Жантай
- Конфуций
- Имам Раббани
- Имам Раббани
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі