Айболит – Корней Чуковский

Бұл бетте «Айболит» атты Корней Чуковский жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Қайырымды дәрігер Айболит!
Отыр талдың түбінде.
Емделуге келеді Сиыр,
қасқыр түлкі де,
Қоңыз бен құрт, аю да,
Тіпті бар ғой кірпі де!

Бәрін емдеп жазады Қайырымды дәрігер Айболит!
Айболитке түлкі келді:
«Ой, мені маса шағып алды!»
Айболитке ит те келді:
«Мені қораз шоқып алды!»
Қоян келді жүгіріп, Айғай салды:
«Ай, ай! Баламды соқты трамвай!
Менің тентек ұлымды,
Соғып кетті трамвай!
Аяғын оның кесе ме?
Көреді-ау бейнет нешеме.
Бір орында тұрмайды,
Бұзық болма десе де!»
Айболит айтты:
«Қайғырма! Сабырыңнен айырылма!
Әкел оны осында,
Құр бекерге шошынба.
Басқа аяқ тігіп беремін».
Әкелді оған қоянды,
Анасы айтқан ноянды.
Ауру болып келді де,
Сап-сау болып оянды!
Қоян кетті секіріп,
Би билейді қуанып.
Күліп жүріп айтады:
«Мың рахмет, Айболит!»
Қасқыр келді қалтырап,
Енді оған сал құлақ..
«Міне келді жеделхат Гиппопотам досымнан!»
«Тез келе көр, дәрігер,
Африкада әбігер.
Балалар қалды ауырып,
Сен оларға дәрі бер!»
Айболит кетті жүгіріп,
Қалуға болмас кідіріп.
Өтті орман-баулардан,
Асты биік таулардан.
Теңізден де өтті ол,
Мұхитқа да жетті ол.

Қайырымды Айболит,
Болам десең, бетті бол!
Алып құс ұшып келеді,
Үстіне отыр Айболит.
«Сәлем саған, Африка!»
Деп айтады Айболит.
Емін жасай бастады,
Асықпады, саспады.
Жазылып кеткен аңдар да,
Секіріп кете бастады.
Он күн бойы Айболит,
Ем жасады ұйықтамай.
Бәрінен де сұрайды:
«Ал, батырым, хал қалай?»
Лимпопо! Лимпопо!
Жазылып кетті аңдар да,
Бұған бәрі таң қалған.

Лимпопо! Лимпопо!
Міне Гиппо, міне Попо,
Гиппо-попо, Гиппо-попо!
Мынау міне Гиппопотам.
Ол Занзибарадан келеді,
Ол Килиманджароға барады.
Ән айтады ол қуанып:
«Рахмет саған, Айболит!»


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Айболит өлеңінің авторы кім?

Корней Чуковский — осы өлеңнің авторы.

Айболит өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Айболит өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Корней Чуковский өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Айболит өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері