Жалғыз мола – Сырбай Мәуленов

Бұл бетте «Жалғыз мола» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 2216
Жол бойында бір мола,
Тас бастырған біржола.
Елден ерек бір өзін
Қойып кеткен кім онда.
Сіркіреген жазда бұлт,
Күркіреген күзде күн.
Күркілдеген кәрі қыс,
Өткен жазбай тізбегін.
Жата берген сол мола,
Күзетшідей жол бағып.
Жалғыз өзі далада,
«Жолаушыға ой салып».
Жата берген сол мола,
Белгі болып өткенге.
Басында шоқ тал ғана,
Бүршік жарған көктемде.
Жел ескенде гуілдеп,
Тал тербеліп дірілдеп.
Әлденелер айтқандай
Құлағыма күбірлеп.
Біреу қолдан еккендей,
Молада өскен жазғы гүл.
Сырын баян еткендей,
Құлпытаста жазу тұр.
Сол жазуды абайла,
Әлі күнге бар мұнда.
Жоя алмаған боран да,
Шая алмаған жаңбыр да.
«Бұл молаға ізетпен,
Тоқтап өту парыз — заң!
Қайтпай қалған күзеттен,
Жатыр біздің партизан».
Күбірлейді талдар да,
Жел үрлейді даланы.
Желбірейді молада
Қызыл гүлдер жалауы.
1957


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жалғыз мола өлеңінің авторы кім?

Сырбай Мәуленов — осы өлеңнің авторы.

Жалғыз мола өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жалғыз мола өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сырбай Мәуленов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жалғыз мола өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері

Басқа да жазбалар