Кіріспе – Сырбай Мәуленов

Бұл бетте «Кіріспе» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 2157
Бүкіл қазақ өлеңі
Алматыдан аттанып.
Ашхабадқа жөнелді,
Ақ көңілін ақтарып.
Аппақ гүлді баулары,
Ақ мақталы күміс жер.
Жатты теңіз, таулары
Жайып салды туыс ел.
Алға тосты бар сыйын,
Болдық тәнті бауырға.
Ағайынның ән-күйін
Ала қайттық ауылға.
Көңілдерге түсірдік
Көркін көркем жерінің.
Айтуға аздап қысылдық
Айыбын құм-шөлінің.
Теңізін де, тауын да
Араладық бірқатар.
Жанды тербеп тағы да
Түсті өлең боп бұл сапар.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Кіріспе өлеңінің авторы кім?

Сырбай Мәуленов — осы өлеңнің авторы.

Кіріспе өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Кіріспе өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сырбай Мәуленов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Кіріспе өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері