Дән – Сырбай Мәуленов

Бұл бетте «Дән» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 3044
Күн көретін нәр алып,
Тамырының талшығы:
Ақ жауынды ала бұлт,
Күннің нұры,
Қар суы.
Бидай жатыр жел шайқап,
Сүтке бөгіп тырсиып.
Аспан мен жер кең байтақ
Бір қауызға тұр сыйып.
* * *
Көк те,
Жер де
Ұйқыда.
Көл де,
Жел де
Ұйқыда.
Бәрі жатыр дамылдап,
Бәрі ұйқыда табиғат.
Жүргендей бір жоқ сұрап,
Ұйықтамайды тек бұлақ.
Тастан тасқа атқылап,
Жүгіреді шапқылап.
Ұйықтамайды түнде де,
Ұйықтамайды күндіз де.
Күтуші боп гүлдерге,
Қызмет етіп жүр күнде.
* * *
Аспандағы қара бұлттан,
Жер де, өзен де қарауытқан.
Аш арыстан күн күркіреп,
Атылуға алабұртқан.
Бірде жаңбыр, бірде бұршақ
Табиғатта бар ма тыным?
Соның бәрін көрдім бір сәт
Аспанынан Алматының.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Дән өлеңінің авторы кім?

Сырбай Мәуленов — осы өлеңнің авторы.

Дән өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Дән өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сырбай Мәуленов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Дән өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері