Күн көзі – Сырбай Мәуленов

Бұл бетте «Күн көзі» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 2798
Тұманды аспан қар тастап,
Тұр еді кеше суытып.
Лақтырып қысты жамбасқа ап,
Күн шықты жерді жылытып.
Жапырақты жел тербеп,
Қайтадан ұшты шық қалмай.
Бұрқырап буы жер терлеп,
Моншаға түсіп шыққандай.
Жылылық жұртқа бермекке,
Құйылған нұрлы күншуақ.
Жетеді қалай жер-көкке,
Екеу де емес, бір шырақ?
Жерменен бірге жарысып,
Зырлаған заман кәрі күн.
Алмаған қалай тауысып,
Миллион жылдар жарығын?
Бүркесін тұман, жапсын бұлт,
Бәрібір жайнап ол шығар.
Қартаймай жеткен жақсылық,
Бәрімізге сол шығар.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Күн көзі өлеңінің авторы кім?

Сырбай Мәуленов — осы өлеңнің авторы.

Күн көзі өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Күн көзі өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сырбай Мәуленов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Күн көзі өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері