Ерте тұрып, кеш жатамын – Сырбай Мәуленов

Бұл бетте «Ерте тұрып, кеш жатамын» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 3045
Қазақтардын мақалы бар ертеден,
Ырзығы мол кім оянса ертемен,
Кім кеш жатса үлкен істі тындырар,
Туар содан шабытты бір ерке өлең,
Соны ескеріп ертеменен тұрамын,
Балбұлақпен беті-қолды жуамын,
Жұтам таңғы самалдың жас жұпарын,
Күнмен бірге тау басына шығамын.
Түн ортасын жатам ылғи аудырып,
Өлең бұлтын жаңбыр етіп жаудырып,
Гүл сусынын сол жаңбырмен қандырып,
Жапырақтарды жанарыммен жан көріп,
Түн ортасын жатам ылғи аудырып.
Өз елімнің күнде ескеріп мақалын,
Ерте тұрып, толғанып кеш жатамын.
Айды ұйықтамай тау қойнына ұзатып,
Күннің таңда құттықтаймын сапарын.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ерте тұрып, кеш жатамын өлеңінің авторы кім?

Сырбай Мәуленов — осы өлеңнің авторы.

Ерте тұрып, кеш жатамын өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ерте тұрып, кеш жатамын өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сырбай Мәуленов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ерте тұрып, кеш жатамын өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері