Алматыға қайтарда – Сырбай Мәуленов

Бұл бетте «Алматыға қайтарда» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 2031
Уфадан қош айтысып кетерімде
Жол болсын,- дейді шулап жасыл нулар.
Қайтадан шақырады етегіне
Алатау бауыры –гүл, басы – мұнар.
Тұрады көз алдымда ақ әйнектер
Жап-жарық жаңбыр шайған аспандай боп
Тұрады көз алдымда тоғайлы өткел
Жанарда мөлдіреген жастардай боп.
Аңсаймын Алматының шулы кешін
Қиялды бұлақтары ала қашқан.
Аңсаймын Алатаудың шыңды өркешін,
Ақ бұлтпен ауыл үйдей араласқан.
Бұл жерге қонды келіп жаңа көктем,
Ол жерде жаз шырқайды жасыл әнін.
Поезға мінбей ұшқыр самолетпен
Жеткенше Алматыға асығамын.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Алматыға қайтарда өлеңінің авторы кім?

Сырбай Мәуленов — осы өлеңнің авторы.

Алматыға қайтарда өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Алматыға қайтарда өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сырбай Мәуленов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Алматыға қайтарда өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері