Нұрлы жаңбыр, жылы жел – Сырбай Мәуленов

Бұл бетте «Нұрлы жаңбыр, жылы жел» атты Сырбай Мәуленов жазған табиғат туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 2862
Бұл жырларымды белгілі татар жазушысы
Ғариф Ғұбайға арнаймын.
Көп көреген түсімде
Қазан –данқы биік бұл.
Қазан қала ішінде:
Жылы желдер есіп тұр,
Нұрлы жаңбыр құйып тұр.
Жүріп жатыр сол жаңбыр
Орынына сәлемнің;
Жырларындай Тоқайдың,
Жырларындай Тақташтың,
Жырларындай Жәлелдің.
АҒЫС
Алтын табақ жердегі
Айхай Еділ,ай Еділ,
Өз ұлыңдай көр мені,
Құшағыңды жай,
Еділ.
Байтақсың бар ғаламдай
Күнкей Еділ,ұлы Еділ,
Асқақтайды жағаңда
Аппақ таңдай Кремль.
Қарауылда қабақта
Қарағайлар, қайындар.
Жан кіргізіп алапқа
Жатқан сенің жайың бар.
Құтты болып қойының
Тудың бір ұл бақ үшін,
Алып қалдың ойының
Толқыны мен ағысын.
Саябыр ет, асықпа,
Жи күшіңді, жол алыс!
Сені сонау қашыққа
Жеткізеді сол ағыс.
Айхай Еділ, ай Еділ,
Ұланғайыр жыр Еділ
Құшағыңды жай, Еділ
Күнкей Еділ, ұлы Еділ.
* * *
Мен Еділді көрдім барып май күні,
Көкке атылып жатты жалғыз оның айбыны.
Көк аспанды жатты жалғыз сыйғызып,
Лениннің ақылындай айдыны.
Еділге бар, Еділге бар шөлдесең
Сонда батыр, сонда өткен ер десең,
Қайран Еділ, ұлан байтақ болмасаң,
Сен еліме Ленинді бермес ең.
* * *
Қазанның қақ ортасында,
Қабанның көлі бар.
Отыр-дағы жартасына
Аз ғана деміңді ал.
Көл бетінде бұлттар кешеді,
Бұлтпен бірге сапарға шық.
Көл бетінде самал еседі,
Қайықтармен қатарласып.
Бұл жер орталығындай
Қазан орамдарының.
Сызылып үні естіледі
Тальян гармондарының.
Аспаннан көлге түсіп,
Қағады қанат тоты Ай.
Баяғы кездеріндей
Тұрады қарап Тоқай.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Нұрлы жаңбыр, жылы жел өлеңінің авторы кім?

Сырбай Мәуленов — осы өлеңнің авторы.

Нұрлы жаңбыр, жылы жел өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Нұрлы жаңбыр, жылы жел өлеңі не туралы?

Бұл шығарма табиғат туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Нұрлы жаңбыр, жылы жел өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері