250-інші оқ туралы баллада – Cырбай Мәуленов

Бұл бетте «250-інші оқ туралы баллада» атты Cырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 1
  • 2804
Снаряд қара жердің ұрып төсін,
Волховтың сапырады тұнық кешін.
Жаралы жас жауынгер жанталасып,
Басады пулеметтің шүріппесін.
Қаптаған «хейнкельдер» төбесінде
Қадалды тағы да оқтар денесіне
250-інші оқ атылмай
Кептелді пулеметтің өңешінде.
Қозғалмай қаусап қалған жатыр жоны,
Шүріппені баса алмайды батыр қолы.
Тек оны күзеткендей пулеметтің
250-інші ақырғы оғы .
***
Оттың арасынан,
Оқтың арасынан,
Тайганың ағашынан
Бетбақтың даласынан,
Өткенде,-
Көгілдір мынау көктемде,
Ажалың сенің жеткен бе?!
Жатасың ба адырда
Төмпешік болып торғайдай,
Жүзіңді сенің жабуға,
Қалтырайды қол бармай.
Үстіңе төніп үңіліп,
Алдыңда тұрмыз жүгініп,
Тіліңде кеткен бір сөзді
Айтсаң бір нетті тіріліп,
Ойласа бойды и қылып,
Жаралы жүрек қансырар,
От болып жерді күйдіріп,
Саулады көзден тамшылар.
Жатырсың енді сен үнсіз
Қап–қара түндей тілі жоқ,
Құстардың да жыры жоқ
Айнала жым-жырт көңілсіз.
Аптығып келген ажалға
Ара тұрар қай күшің?
Дауа барма жазарға
Азалы жанның қайғысын.


Пікірлер (1)

*******

өте керемет маған қатты ұнады

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

250-інші оқ туралы баллада өлеңінің авторы кім?

Cырбай Мәуленов — осы өлеңнің авторы.

250-інші оқ туралы баллада өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

250-інші оқ туралы баллада өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Cырбай Мәуленов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

250-інші оқ туралы баллада өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері