Жалғыздық – Сатқан Молдақасұлы

Бұл бетте «Жалғыздық» атты Сатқан Молдақасұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Тірлікте қадірің де,күйін де бар,
Болса егер бала дана,ақылды жар.
Ағайының құрметтеп тұрған шақта,
Жыртылса ар-намысың қиын болар.

Тамақ тоқ, заман тыныш,киім де бар,
Үй толы қымбат жиһаз бұйым да бар.
Жарасы екі дүниеде жазылмайтын,
Ұрпақсыз өткен өмір қиын болар.

Кей-кезде айналдырып соғар құйын,
Естісең ызғарлы сөз,тоңар миың.
Жалғыздық жарасқан ғой бір Аллаға ,
Пендеге жалғыздықтан не бар қиын.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жалғыздық өлеңінің авторы кім?

Сатқан Молдақасұлы — осы өлеңнің авторы.

Жалғыздық өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жалғыздық өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сатқан Молдақасұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жалғыздық өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері