Мақта қар – Қалқаман Сарин

Бұл бетте «Мақта қар» атты Қалқаман Сарин жазған табиғат туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 09.09.2017
  • 0
  • 0
  • 8545
Мақта қар жауып тұр мақтаншақ,
Айнала шашылып ақ моншақ.
Ал менің жапырақ – жүрегім,
Жабықты жаз күнін қатты аңсап.

Қар жауды. Ұялшақ көктемнің,
Салқындық тағы да өпті ернін.
Құтқарып алатын мені ойдан,
Қайдасың көріктім, жоқ белгің.

Мен сені қамығып қанша күн,
Сағынып іздедім, аңсадым.
Бақ ішін қатал қыс кезіп жүр,
Тоңдырып сәмбітал саусағын.

Жазығы жоқ қардың кіршіксіз.
Бүріскен бұтасы бүршіксіз,
Ақ қайың, арманым тек менің
Мұңайып тұрғандай мұң – шықсыз.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Мақта қар өлеңінің авторы кім?

Қалқаман Сарин — осы өлеңнің авторы.

Мақта қар өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Мақта қар өлеңі не туралы?

Бұл шығарма табиғат туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Мақта қар өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері