Туған жер-қуанышым – Айдын Оңласын

Бұл бетте «Туған жер-қуанышым» атты Айдын Оңласын жазған туған жер туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

Ұлымын мен қазақтай паң халықтың,
Бабамдай боп Еуропаға барыппын.
Дүйім елді қорғап өткен тұлғаның,
Жолын жалғар ізбасар боп қалыппын.

Жеткен биік жетістігім көп менің,
Елге жақпын,мен әрдайым біргемін.
20 жасқа келген қалам-жүрегім,
Ол-Астана,бой түзеген іргелім.

Ашық аспан тілейінші еліме,
Астанама,қазағымның төріне.
Рухымыздың жаңғыруы саған да,
Керек екен күллі жұрттың бәріне.

Көзің жетіп,ішің жылып қалады,
Қолда барда еркіндігім бағалы.
Жат адамдар түтініңді түтетпес,
Біздің отты қазақ қана жағады.

Өн бойымда көк түріктің қаны бар,
Ата сөзін тұмар қылып тағынар.
Елдік туын таптатпайтын табанға,
Керек әр кез намыстылар,арлылар.


Пікірлер (9)

Фарида

Керемет деніңе саулық тілейсін оқуда озат жəне отбасыңа бақ береке тілейміз.

Роза

Сәлеметсіз.Өлең жолдары керемет екен. Көркем сөз байқауына осы өлең жолымен қатыссақ деп едік.Толық аты жөніңіз бен мекен жайыңызды жазыңызшы.

Роза

Сәлеметсіз.Көркем сөз байқауына осы өлең жолымен бүлдіршіндерді қатыстарсақ деп едік.Сол үшін толық аты жөніңіз бен мекеніңізді жазыңызшы

Махаббат Қожамқұлова

Өте керемет жазылған өлең екен.Тағы да осындай өлеңлеріңіз көбейе берсін

Aidyn1110

Роза,Оңласын Айдын Қалжанұлы.ШҚО,Семей,Ильяшева 94.

Aidyn1110

Семей.Ильяшева,94

Кайрат

Керемет мен де сиз сияқты болгым келеди жасым 11 де

Таңшолпан

Өлеңізді оқыдым.Күшті екен, маған да осындай өлең жолдары керек еді.Шығарып бере аласызба

Надира

Олен жолдары оте жаксы маган унады

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Туған жер-қуанышым өлеңінің авторы кім?

Айдын Оңласын — осы өлеңнің авторы.

Туған жер-қуанышым өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Туған жер-қуанышым өлеңі не туралы?

Бұл шығарма туған жер туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Туған жер-қуанышым өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар