Қазіргі қыз бен жігіт арасындағы диалог – Махамбетәлиева Зере

Бұл бетте «Қазіргі қыз бен жігіт арасындағы диалог» атты Махамбетәлиева Зере жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Жігіт: Сəлем сұлу қалай екен жағдайыңыз?
Қыз:Жақсы бəрі! Неге сұрап алаңдайсыз
Сұлуым ау неге маған кей кездері
Түк мəн бермей тіпті мүлде қарамайсыз

Қыз: Иə,рас маған мүлде ұнамайсың
Құр бекерге көз алдымда жылтыңдайсың
Жанарыма істеген қылығыңмен
Неменеңе өзінше қылтыңдайсың

Жігіт: Ай,ару қыз ұнатамын өзіңізді
Мөлдір тұнық көзіңіз бен сөзіңізді
Мені сынап жүргендей көрінесің
Тілегендей таусылсын деп төзімімді

Қыз:Ех,жігітім ұнатпайды жүрек сізді
Риза болғың көрсеткенге ізет үлгі
Енді керек етпеймін сіз сыйлаған
Жайқалған роза менен раушан гүлді

Жігіт: Неменеге қырсықтық танытасың
Ай сұлуым өзің тіпті қатырасың
Жымиған шуақ шашар келбетіңмен
Түн ұйқыға қарық қып батырасың

Қыз: Көп жүрдің ау қалмай ізден көздеп мені
Болды жетер айтпа жалған сөздеріңді
Өтінемін енді көрсем ағама айтам
Бұл сөзден соң көрейінші нетеріңді

Жігіт: Айта бергің айтатын адамыңа
Абай болам енді басқан қадамыма
Сенде мені ұнатқандай көрінесің
Қарап тұрсам көзіңдегі жанарыңа

Қыз: Жо-жоқ жігіт қателестің білемісің
Бəлкім өзің басқа қыздың тірегісің
Асығыспын өз жолыммен кетем енді
Сері жігіт жолдан былай жүремісің

Сонда арттан бір келіншек қарап тұрып
Сол жігітке былайды деді басын бұрып
Отағасы бұл осымен нешінші рет
Ажырасай келді уақыт,келді мезет

Қоғамда көп осындай жігіттерің
Үзбей жүрген қыздардан үміттерін
Шөп салады келіншекке сырттай күліп
Өзі бір ақымақ қой сөзі шірік.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қазіргі қыз бен жігіт арасындағы диалог өлеңінің авторы кім?

Махамбетәлиева Зере — осы өлеңнің авторы.

Қазіргі қыз бен жігіт арасындағы диалог өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қазіргі қыз бен жігіт арасындағы диалог өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Махамбетәлиева Зере өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қазіргі қыз бен жігіт арасындағы диалог өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері