Өшпесін тарихы қазағымның! – Махамбетәлиева Зере

Бұл бетте «Өшпесін тарихы қазағымның!» атты Махамбетәлиева Зере жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Ақтарып тарихтың сан қойнауларын,
Аралап батыр өткен жол бойларын.
Біліп жүргің танытып ізденісті
Тарихта баға жетпес қойнау барын.

Тарих білу-халқыңды танып білу,
Тарих білу-кеуде керіп анық жүру.
Тарих білу-нағыз қазақ болғандығың,
Тарих білу-біле білсең оңғандығың.

Тарих білу-өткенді білгендігің,
Бабалар өткен жолмен жүргендігің.
Керек қылмай жүре берсең тарихыңды
Бұл ісің елге қарсы үргендігің.

Қанмен тарар тарих ол бойымызға,
Сақталсын жадымызда,ойымызда.
Білу керек тарихты бес саусақтай,
Алаңдамай ес ішке жалтақтамай.

Сусында біліменен күннен-күнге
Тарихты білу деген үлкен жүлде.
Тарих білу міндет екен бəрімізге,
Керек десең жасымыз бен кəрімізге.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Өшпесін тарихы қазағымның! өлеңінің авторы кім?

Махамбетәлиева Зере — осы өлеңнің авторы.

Өшпесін тарихы қазағымның! өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Өшпесін тарихы қазағымның! өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Махамбетәлиева Зере өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Өшпесін тарихы қазағымның! өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері