Еркеле, жас – Әбділдә Тәжібаев

Бұл бетте «Еркеле, жас» атты Әбділдә Тәжібаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 29.03.2018
  • 0
  • 0
  • 4083
Еркеле, жас, еркеле сен, еркеле,
Күнге толы, гүлге толы өлкеңе.
Шық далаға желмен бірге жарысып,
Кетші қуып қырда жортқан тағысын.
Еркеле, жас, еркеле сен, еркеле,
Шырқап берші, бір әдемі ән өлкеңе,
Шықшы тауға, ақ бұлттармен таласып,
Алысқа бір бүркіт болып қарашы.
Еркеле, жас, еркеле сен, еркеле,
Бір әсем күй шертіп берші өлкеңе.
Салшы құлаш салқын көлге, бойлашы,
Аққулармен ақ тұнықта ойнашы.
Еркеле, жас, еркеле сен, еркеле,
Күнге толы, гүлге толы өлкеңе.
Сүй еліңнің анасы мен атасын,
Ал ұмытпай ағаңның да батасын.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Еркеле, жас өлеңінің авторы кім?

Әбділдә Тәжібаев — осы өлеңнің авторы.

Еркеле, жас өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Еркеле, жас өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Әбділдә Тәжібаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Еркеле, жас өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері