Ахирет пен Фəни
Ахирет пен Фəни
Мен де кетем, жаралдым пенде етімен,
Сенде кетіп барарда тербетілем.
Ажал келсе хабарсыз жендетімен,
Жоғаламыз алаңсыз жер бетінен.
Бəрі өтеді, түңіліп шаршағандар,
қуанғандар, сағынып, аңсағандар.
Алланың əмірімен Сүр үрленсе,
Миғражда топталар барша адамдар.
Дəптерлерін алдына жайғандардың,
Сұралады есебі қайран хəлдің.
Ауыр болар шешімі тайраңдардың,
Жеңіл соңы Алла үшін қайғы алғанның...
Күпірлікті келтірген көп адамдар,
Өтірігін естиді айла алғанның.
Шын мұсылман шапағатында болар,
Хазірет Мұхаммед Пайғамбардың (ﷺ).
Шүкірлік ет - оянсаң Таңда күнде,
Күн батқанын көресің Шамда күнде,
Одан артық бес күнде арманың не?
Бір күндері шарасыз жатасың ғой,
Ахиретті күтіп ап тар қабірде...
Сағым болар барлығы соңғы еліңде,
Сөйлескенің, сезгенің, көргенің де.
Сен иелік ететін қара жерің,
Саған ие болады өлгеніңде.
Тəж кисең де тақтардың төрлерінде,
Орандырып тастайды көр кебінге.
Келгенінде Алланың парызы ұлық,
Намаз, зекет, Ораза... қарызың ұқ.
Құлшылықпен өмір сүр,
Өкінбе тек
Кеткенінде кеудеңнен жан үзіліп.
Жиыстырып жүрмісің ұятты шын,
Шаттандың ба нəпсіңнің жиі ап күшін?
Құдайым-ай,
...мынадай жүргенің не?
Мəңгілік жасайтындай сияқтысың...
Мен де кетем, өтесің сен де өмірден,
Аяғыңды баспайсың Жерге мүлдем.
Жазғандарым ескерту адамзатқа,
Естелігім,
Өнегем пенде күннен.
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі