Бүкіл əлем күте тұрсын...
Өтері анық Алла берген өмірің,
Ескеріп бір қарап жатыр соны кім?
Бірі теңге, бірі сақтап доллорын,
Бірі болса баптап жүр ғой көлігін.
Бірде бақыт, бірде тағдыр толы мұң,
Кезегімен тауып жатыр орынын.
Ағалар көп тіршілік деп көз жұмған,
Тіршілік деп есеюде көп інім.
Бірі кейпін жасап жатыр өлінің,
Бірі мықты терісін киіп бөрінің.
Сөйтіп жүріп пəлесі бар фəнидің,
Кім иесі болды айтшы төрінің?!
Бір жандар бар өмірінің бөлігін...
Жаратқанға арнап жатыр көп үнін,
Шыны керек ол пендеде бəрі бар,
Тек тіршілік деп аталар жоғы мін.
Əл-Жəббары [1] жеріменен көгінің,
Əл-Ғаффарға [2] асықтырар көңілің.
Жəннəт деген ақыретте сый берсең
Иа, Аллаһым біз болайық со(л) құлың.
ТАҢ да келді, ұйқыдан да қайырлы,
Сапқа жинап кедейің мен байыңды.
"Таң сауабын білсең егер еңбектеп
келер едің мешітке, ойлап жайыңды".
Ояндым дем бір Аллаға басыңды іи,
Қоя тұрып, наның менен шəйіңді.
БЕСІН міне кірді дейміз түс келе,
Кіріскенің көрініп тұр іске де.
Құлшылықтай қанат керек еп-ерін,
Берекелі болу үшін құс дене.
Тіршіліктей ұзақ емес құлшылық,
Уақыт бөлші сондағысы кішкене.
Ес аламыз ЕКІНТІге егіліп,
Қалмау үшін уəсуəсəға жеңіліп.
Бұл намазың қаза болса егерде,
Бар мүлкіңнен айырылған жерің ұқ.
Бар мұсылман деп жүргендей əлемге,
Сен де деші : "Бүкіл əлем мені күт".
Күн де батты ұясына.
ШАМ кірді.
Жиылып ел...
Шайтандар да қаңғырды.
Мейлі адамдар жүрсе жүрсін бейғам боп.
Бір Аллаға мадақтар айт нəрлі үлгі,
Сыйлап жатқан əр секунд пен əр күнді.
Бүкіл əлем күте тұрсын бар құлды.
ҚҰПТАН келсе сауап деген сый тұна,
Асығар көп болу үшін бейкүнə.
Бес уақытпен бес бақытты ұғынып,
Нүктеңді қой нəпсі деген сыйқыңа.
Өлімнің шын туысы боп атанған,
Ерік берме еріп келген ұйқыға.
Рақатпен намаз оқы тіріде,
"Бүкіл əлем күте тұршы" - дей тұра.
Өмір кейде сынақтарын берсе де,
Сабыр сақта,
Шыдамдықпен жең сене.
Болсын мейлі жұмыста да кеңседе,
Ереуіл сал кемсеңдеген еңсеңе.
Бүкіл əлем күте тұрсын... намаз бар,
Сауаптан ал батқаныңша белшеңе.
Қозы-қойың, сиыр, түйе, лақтарың,
Жақындарың, алыстарың, жаттарың,
Лайктарың, репосттарың, хаттарың,
Күрең күзің, күрелмеген ақ қарың,
Көктем көңіл, жаздай жарқын шақтарың,
Айта берсем біте қоймас қап, бəрін,
Намаз болды...
Күте тұрсын чаттарың...
[1] Əл-Жəббар - Алланың 99 есімінің бірі.Мағынасы "Бойсұндырушы, Аса Құдіретті"."Ол сондай Алла, Одан баска ешбір тәңір жоқ. Ол патша; өте пәк, есендік беруші, қорғаушы, тым үстем, аса өктем, өте зор. Алла олардың қосқан ортақтарынан пәк" (Хашыр, 23)
[2] Əл-Ғаффар - Алланың 99 есімінің бірі.Мағынасы "Кешірімшіл, Аса Кешірімді"."(Сондай-ақ оларға): “Раббыларыңнан кешірім тілеңдер. Өйткені Ол, аса кешірімді” дедім." (Нух, 10)
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі