"Дұрыс" - дейді...
Бұл күні шарап пен ант кім ішпейді?
Бір Алладан ұялып бүріспейді.
Көп адамдар күнəдəн пəк секілді,
Өзін қойып,
Басқадан мін іздейді.
Тақуадан сөз есітсе бұрыс дейді,
Адасқан...
Дейді тағы бұл істі игі.
Өздері дінді бекем меңгергендей,
"Жоқ, мынадай..."
Деп сəл-ақ мұң ішпейді.
Исламды көп жандар ырыс дейді,
Неткен ғажап, сеніммен жүріс дейді.
Сөз қозғасаң "бəрі де дұрыс!" - дейді,
Неге дұрыс болуға кіріспейді?!
Мұсылман - жарқырайтын шырайлары,
Құлшылықсыз өтпейтін күн, айлары.
Дініміздің дұшпаны бүгін міне,
Көрінісін бұлыңғыр қып лайлады.
Ислам - Алла берген ұлы дін ұқ,
Бірі білмей жатады,
Бірі біліп.
Жат көзімен қарама Исламға,
Біздің көзбен қарашы бір үңіліп.
Əл-Адл [1] Жаратқаным ұғын ғалам,
Пайдасы көп сенімен бұның маған.
Отан да, отбасы да, ай-күні де,
Самалы да, майсасы, ғұмыр, далам,
Жануар мен жəндік те жымырлаған,
Құлағыма "Алла" - деп сыбырлаған,
Əл-Муқтадир [2] түсірген Құранда да,
Ешқандай да қыңырлық қылынбаған.
"Аллаһус Самәд
Ләм Йəлид Уәләм Йууләд" [3]
"Алла мұңсыз.
Тумаған, туылмаған"
Таң, Бесін, Екінті, Шам, Құптаннан да,
Нəр алып кеудесін бес жыққан бар ма?
Иə, солар қиналса да бұл өмірде,
Қуанады тозақтан құтқарғанда.
Қарашы "Дінсіз кетті" кей адамдар,
Қарашы қыр басына шыққандарға.
"Солардай болмаймын" - деп ойлайсың ба?
Айып жоқ десең-дағы тіпті арманға.
Қасиетті Құранда зор сый барын,
Ескерткен амал етіп, ұққандарға.
Иманға кел бауырым,
Құттан қалма...
Жалғанның деп ойлайтын: "ғажап" бəрін,
Жанға айтарым : "ғажап та аз-ақ қадым".
Өмір атты өзенге таза келіп,
Дұрыс болар тағы да таза аққаның.
Сабыр сақта...
Қайнаса қажап қаның,
Тоқтатпай жатса да ел мазақтарын.
Мұсылманым, бауырым, қазақтарым,
Құранда жамандар мен сараңдарға,
Ескерткен төза алмайтын азап барын.
Жүрегіңді нəпсіңнен азаттағын!
Міне осы жан ашып қақсағаным,
Иманға кел,
Бəрі болар тапса амалын.
Иə, Исламды көп адам "дұрыс" - дейді,
Дұрыс болса неліктен кіріпейді?
[1] Əл-Адл - Алланың 99 есімінің бірі.Мағынасы "Əділетті"."Расында Алла əділдікке, ізгілікке бұйырады" (Нахл, 90)
[2] Əл-Муқтадир - Алланың 99 есімінің бірі.Мағынасы "Бəріне Құдіретті"."Расында Алла барлық нəрсеге Құдіретті" (Кəһф, 45)
[3] "Аллаһус Самәд
Ләм Йəлид Уәләм Йууләд" - Ықылас (Ихлас) сүресінің 2-3-аяттары.
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі