Өлең, жыр, ақындар

Өтірік өлең айттым да, жұртқа жақтым

  • admin
  • 19.07.2024
  • 0
  • 0
  • 813
Өтірік өлең айттым да, жұртқа жақтым,
Құмырсқаны қайырып, қойдай бақтым.
Ел қыдырған кешегі есер кезде
Бөгелектің басына тана тақтым.
Бір қоянды міндім де, аспанға ұштым,
Екпініне шыдамай жерге түстім.
Алты күндей ақ боран соғып еді,
Жалғыз қурай ығына ас қылып іштім.
Дүниенің ауыры үрген қарын,
Жалғыз өзім көтердім соның бәрін.
Атандарға үш төстен артып едім,
Көтере алмай жығылды атандарым.
Дүниенің ауыры үрген қуық
Жалғыз өзім көтердім аузым буып.
Үлкеніне сіркенің арба салдым
Ондай мықты көрмедім өзім туып.
Бес қарсақты күнінде баса міндім,
Жүргізе алмай шіркінді азар міндім.
Екі сымбал үстіне теңдеп алып,
Қара жолдың үстінде борт-борт желдім.
Үлкеніне сіркенің арба салдым,
Басқа-көзге төпелеп, зорға салдым.
Мені мықты дегенге жұрт нанбайды
Қойдай битті көтеріп, отқа салдым.
Өтірік өлең айтамын өр басынан
Арқан естім бозторғай шудасынан.
Алты инелік, бес торғай той қылыпты,
Киіт кидік солардың құдасынан.
Өтірік өлең айтамын өр басынан
Шылым қылдым шыбыштың қу басынан
Қара шіркей етіне қазан толып,
Астау-астау ет жедік ер басынан.
Маса деген бірталай бақыр екен,
Сона деген имансыз кәпір екен.
Бөгелектің үйіне еніп барсам,
Әкесіне ас беріп жатыр екен.
Бөгелектің терісі – ер-тұрманым,
Қоян мініп, мен өзім жау қуамын.
Шегірткенің айғырын ұстап, мініп,
Тұра қашқан түлкіні бұлтартпаймын.
Көлбақаның көнектей сүйегі бар
Көртышқанның қырық құлаш үйегі бар.
Өзім барып, жерінен алып келдім,
Бір түлкінің қырық арба сүйегі бар.
Өтірік өлең айтайын өрдің басы
Жау қияқтың түбінен ердің қасы.
Өзім барып, жұлмалап алып келдім,
Бір түлкінің қырық арба омыртқасы.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Япырмай

  • 0
  • 0

Айдап келдім-ой, жылқымды бие бауға, ахау,
Оралады-ой, ақшабақ жібек бауға.
Жаным-ай,
Арнап салған әнім-ай,

Толық

Кәмшат бөрік (1 нұсқа)

  • 0
  • 0

Алдымнан қарсы келдің, Ханзада қыз,
Көркіңе Құсни-жамал таң қаламыз-ай.
Ғалімдер әулетінен болсаң керек,
Иншалла, фахим етіп аңғарамыз-ай.

Толық

Қара жорға (2 нұсқа)

  • 0
  • 0

Ей, қалқа, хат жазамын ынта беріп,
Дос болар әркім сөзге тұрса берік-ай!
Жеріңе пәлен деген барар едім,
Аңдушы алты кісі тұрса келіп-ай!

Толық

Қарап көріңіз