Сібірге хат – Ілияс Жансүгіров

Бұл бетте «Сібірге хат» атты Ілияс Жансүгіров жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 30.06.2018
  • 0
  • 0
  • 4557
А. С. Пушкиннен аударма

Сібірдің шахтасының шыңырауында
Име бас, ірілік қыл, шыда, шыда,
Жойылмас азап ауыр еңбектерің,
Асқағы асқар ойдың бітпес бұ да.
Қараңғы жер астында сорға сыңар
Сол үміт — сенімді жар, үміт болар.
Сергілтер көңіліңді қайрат беріп,
Үмітпен күткен күн де келіп қалар.
Қақ жарып азап інді, азабыңды,
Сияқты жеткізгенім азат үнді,
Достық та, махаббат та жетер әлі-ақ,
Қақ жарып берік қорған қараңғыны.
Ауырлық бұғау түсер, кісен сынар,
Ашылар қараңғылық, зындан құлар.
Бостандық қуанышпен құшақ жайып,
Ұстатар қылышыңды туысқандар.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сібірге хат өлеңінің авторы кім?

Ілияс Жансүгіров — осы өлеңнің авторы.

Сібірге хат өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сібірге хат өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ілияс Жансүгіров өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сібірге хат өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері