Бұл бетте «Қос қарға» атты Ілияс Жансүгіров жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
А. С. Пушкиннен аударма
Қарғаға қарға жақындап,
Қарғаға қарға қарқылдайт:
«Қарға-ау, бізге жем бар ма?
Жемді көрер жер бар ма?»
Қарғаға қарға жауапта:
«Білем, жадар тамаққа;
Өлтірілген бір батыр,
Тал түбінде сол жатыр.
Heгe, өлтірген кім еді,
Сұңқар ғана біледі,
Тұлпар ғана білуші ед,
Білуші еді келіншек.
Кетті орманға сұңқар да,
Мінді дұспан тұлпарға.
Күтті келіншек бірісін,
Өлгені емес, тірісің».
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі